Ислам музейлері

Жұма, 13.04.2018

Әлемде Ислам тарихынан сыр шертіп, Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) заманынан бері сирек кездесетін Құран қолжазбалары мен артефакттары сақталған музейлер бар. Солардың бірқатарына шолу жасамақпыз.

1. Ислам мәдениетінің музейі (Доха, Катар)

Доха астанасы Катар қаласында орналасқан бұл музей Парсы шығанағындағы алғашқы музейлердің бірі. Ислам қауымының назарын аударған музейдің негізгі ерекшелігі VI ғасырға жататын ежелгі Құран мен каллиграфиялық мәтіндердің болуы.

2. Ислам мәдениеті музейі  (Египет, Каир)

Египетте орын тепкен аталмыш музей бүкіл әлемдегі ислам мәдениетінің шығармаларын жинақтайды. Бұл Мысырдағы ең үздік музей. 25 галереядан тұратын музейде Ислам тарихының түрлі кезеңдерінен сыр шертетін көрмелер мен экспонаттар бар. Олар Умәйя әулеті, Аббасид әулеті, Айюб пайғамбар кезеңінен ақпарат береді. Музейдің ерекшелігі – Құранның сирек қолжазбалары мен Қағба есіктеріне салынған алтын кілт.

3. Түрік және ислам мәдениеті музейі (Түркия, Стамбул)

         Стамбулдағы әйгілі көк мешітке қарама-қарсы түрік және ислам мәдениеті музейі орналасқан. Мұнда XII ғасырдағы Құран жазбалары, X-XIX ғасырлардағы сирек кездесетін ағаштан жасалған бұйымдар, XVII ғасырдағы кілемдер сияқты 4000-нан астам экспонат бар.

4. Ислам өнерінің музейі (Куала-Лампур, Малайзия)

1988 жылы Куала-Лампурда негізі қаланған музейде 7000 нан астам экспонат бар. Музейдің өзіндік ерекшелігі исламдағы эксклюзивті кітаптар қоры бар үлкен кітапхананың болуы. 12 галереяда ислам архитектурасын бейнелейтін артефактілерді, Үндістандағы мағолдар кезеңіндегі ислам, Қытайдан табылған сирек құран қолжазбаларын, Мароккодан алынған исламдағы кілем, тоқыма және зергерлік бұйымдарды көре аласыз.  

5. Шарджа ислам өркениетінің музейі (Шарджа, БАӘ)

Бұл музейда бүкіл әлемнен 5000 астам исламға қатысты экспонаттар жиналған. 2008 жылы құрылған музей исламды зерттеудің  белсенді ордасы. Алғашқы көрмеге исламның бес парызына арналған экспонаттар қойылды. Бір ерекшелігі мұнда мұсылман ғалымдарының астрономия, география, жаратылыстану ғылымдары, медицина, сәулет өнеріне қосқан үлесін көрсетеді.Сондай-ақ, музейде ислам монеталарына арналған түгелдей бір галерея бар.

Сонымен қатар, Нью-Йоркте Митрополитен музейіндегі Ислам көркем галереясын да атап өтуге болады. Ол 2011 жылы ашылды. Галерея АҚШ-тағы ислам өнерінің ең үздігі. Мұнда мыңжылдық тарихқа арналған 1200-ден астам жұмыс, соның ішінде керамика, архитектура, исламның түрлі дәуірлерінен кілемдер ұсынылған.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 106 рет
JoomShaper
Top