Діни некеге тыйым салына ма?

Сенбі, 11.11.2017
Діни некеге тыйым салына ма?

Заң жобасында діни некеге тыйым салу қарастырылған. Осы норманың ара жігін ажыратып берсеңіз.

Белгілі болғандай, елімізде діни рәсімдер мен жоралар бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату мәселесін заңнамалармен реттеу өзекті болып табылады

Біздің тарапымыздан келесідей нұсқа  ұсынылып отыр: некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату туралы тіркеу органдары берген құжатсыз діни рәсімдер мен жоралар бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтатуға жол берілмейді.» Аталған өзгерісті  Қазақстан Республикасының «неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы» туралы Кодексіне енгізу көзделуде. Аталған өзгерісті ҚР «Неке және отбасы» туралы Кодексіне енгізу ұсынылуда.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарының  мемлекеттік органдарға және қоғамдық ұйымдарға жиі жүгінетінін көрсететін фактілер бар. Мұндай «некелік одақтар» ер адамның жай ғана ауызша сөйлемімен тоқтатылып жатады. Нәтижесінде, жас әйелдер күнкөріссіз және балаларымен қараусыз қалды. Бұдан басқа, әйелдердің бір еркектен екіншісіне ауыстырылып жататыны туралы да мәліметтер бар.

Қазақстанда 15 жастан 18 жасқа дейінгі қыздардың шамамен 5 пайызы қазірдің өзінде некеге отырған, бұл қылмыстық құқық бұзушылық болғанына қарамастан олардың көпшілігі некеге мәжбүрлеу арқылы тұрған. Ерте некелердің зияны анық: олар балалықтан ерте ажырайды, дамуына кедергі жасайды, білім алуға және денсаулығына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, бұл өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының санын күрт арттырады.

Дегенмен, жоғарыда көрсетілген норма қоғамдық талқылаудан кейін заң жобасынан алынып тасталды. Бұл мәселені заңнамалық деңгейде енгізу азаматтардың құқықтарын сақтау бойынша қажетті шара болып табылатындықтан алдағы уақыттарда тағы да қайта оралу орынды деп санаймын.

Балғабек МЫРЗАЕВ,

теология ғылымының докторы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 187 рет
JoomShaper
Top