Авраам Линкольн мұсылман болған ба?

Сәрсенбі, 08.11.2017
Авраам Линкольн мұсылман болған ба?

«Мен АҚШ-тың Президенті болып сайлануыма байланысты ертеңгі таңнан бастап елде құлдық-азаптау заманы аяқталғанын ресми жариялаймын» (1 қаңтар 1863ж.). 

Расында, Авраам Линкольн туралы тоқталмас бұрын оның есімінің өзі адамды көп ойландырады. Бұған бірнеше себептер  түрткі болды:

1. «Авраам» деген есім Ислам дінінде, дәлірек айтар болсақ, араб тілінде Ибрахим пайғамбардың есіммен тікелей байланысты екенін ешкім жоққа шығара алмайды. 2. Авраам Линкольн Джордж Вашингтоннан кейінгі АҚШ тарихында елеулі еңбек еткен әрі халықтың ризалығына бөленген ең ірі басшылардың бірі саналады. 3. Авраам Линкольн президенттік мансапқа келгелі елдегі мұсылмандарға қарсы қысымды тоқтатқан бірден бір адам. 4. Авраам елдегі нәсілшілдік кесірін жою үшін түрлі тетіктер іздеп, нәтижесінде ақ пен қара нәсілділердің бейбіт өмір сүруіне ықпал еткен басшы.

Осындай себептердің соңында мұндай Президент туралы көптеген зерттеулер мен ізденістер жасап, нәтижесінде оның Ислам дініне өзге президенттерге қарағанда бір табан жақын адам екенін көзім жетті. Әрине, мен тапқан мәліметтер Авраамның мұсылман болғандығын тікелей айғақтамаса да оның жасаған еңбектері шынайы мұсылманның көрінісі деуге әбден болады. Ендеше, аталмыш мәліметтерге шолу жасалық.

1). Авраам Линкольн - Партугалиялық отбасынан шыққан ертеде Испаниядан (Андалусия) Америкаға қоныс аударған Миллинджонс әулетінен. Бұл әулет мүшелерінің ата-бабасы кезінде мұсылман болған екен. Авраамның отбасы Испания үкіметі тарапынан үздіксіз тексерулер мен қатты қысым көргендіктен елден кетуге мәжбүр болған. Бүгінге дейін Миллинджонс әулеттерінде Ислам дінінің негізгі ұстанымдары сақталған десті. Осындай отбасынан шыққан тұлнаның бірі - Авраам Линкольн. Бұл жайында белгілі жазушы Brand Kennady өзінің «The Maligers» атты кітабында жазып кеткен екен. Өз әулетінің қиын-қыстау тарихын жетік білген Авраам президенттік таққа отырысымен елдегі қысым көріп жатқан Африкандық қара нәсілді мұсылмандардың құқын қорғауға байланысты бірнеше бастамалар көтерген болатын.

2). Авраам Линкольн - президенттік қызметте діни тақырыпта көптеген әңгімелер айтуды әдетке айналдырған бірден бір ел басқарған адам екен.

3). Авраам Линкольн - елдегі құлдық-азапқа нүкте қойған бірден бір президент. Құлдық мәселесін жоюға байланысты Авраам президент болудан алдын күресіп жүрген екен. Егер құлдықта болған африкалықтардың басым көпшілігі мұсылман болғанын ескерсек, онда оларды қоғамға сыйдырып, адами құқықтарын алып берумен айналысқан кез-келген адам Ислам дініне жақын екендігін білдірмей ме? Мүмкін Авраам тарихта белгілі Хабашстанның патшасы болған Нажаши мұсылман екенін халқынан жасырып, сол уақытта пана іздеп келген көптеген мұсылмандарды қол астына алған сәттерді ескерген болар.

4). Авраам Линкольннің түр-сипаты: Бұл мысалды баз біреулер ақылға қонымсыз дер, дегенмен Авраамды жақсы тану үшін оның сыртқы сипатына да көңіл бөлгеніміз жөн. АҚШ-ты басқарған Джордж Вашингтоннан бері Джордж Бушқа дейінгі президенттердің түріне қарасаң Авраам Линкольннен басқа  ешбірінде сақал жоқ. Оның шыққан жері Таяу Шығыс екенін ескерсек АҚШ тарихында сақал қойған жалғыз басшы - Авраам Линкольн. Бұл да оның ертеде түбі мұсылман әулетінен шыққанын дәлелдейтін болуы мүмкін.

5). АҚШ тарихында екі президентке қастандық жасап өлтірілгені белгілі. Оның бірі Джон Кеннеди болса ал, екіншісі Авраам Линкольн. Таң қалдыратыны, екі президентке жасалған қастандыққа жан-жақты қылмыстық іс қозғалғанымен ешкім жауапқа тартылмай құпия түрінде қала берді. Ең қызығы, қастандық жасалған екі басшының да жеке діни ұстанымдары өзге президенттерге қарағанда басқа болған. Мәселен, Джон Кеннеди католик болса, Авраам Линкольн діни ұстанымын ашып ешкімге айтпай жасырған. Ал, АҚШ-тың басқа президенттері болса олардың барлығы дерлік протестанттық бағытты ұстанған екен.

Осы және басқа да себептерді негізге ала отырып Авраам Линкольн діни ұстанымын нақты білдірмесе де оның жасаған игі амалдары, зұлымдыққа қарсы тұрып әділдіктің жалауын желбіреткені секілді әрекеттері мұсылмандық сипаттан деп білемін. Сонымен қатар, оның діни ұстанымын жасырудың басты себебі, кезінде ата-анасы Испания үкіметінен қысым көріп, үздіксіз тексерістің астында өскен адам қашанда ішкі дүниесі жабық болатынын ұмытпаған жөн.

«Ислам тарихын өзгерткен

үмбеттің 100 ұлы тұлғалары»

атты кітаптан үзінді.

Аударған Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 492 рет
JoomShaper
Top