Тәсбих намазына қатысты хадистен дәлел бар ма?

Бейсенбі, 14.09.2017
Тәсбих намазына қатысты хадистен дәлел бар ма?

Ғылымхал кітаптарында, нәпіл намаздардың ішінде осы тәсбих намазы аталады. Оған қатысты хадис кітаптарында мынадай бір риуаят бар:

«Ибн Аббас және Әбу Рафидің айтуы бойынша: «Пайғамбарымыз Аббас ибн Әбдімүттәліпке қарата: «Әй, Аббас (р.а.) саған бір жақсылық жасайын ба? Егер осыларды жасасаң Алла сенің (ашық-жасырын, бұрыңғы-кейінгі, әдейі-қателікпен жасаған) барлық күнәларыңды кешіретін мына он ерекшелікті айтайын: «Төрт бас намаз оқисың. Әр ракағатта «Фатиха» сүресіне қосымша бір сүре оқисың. Бірінші рәкағатта сүрелерді оқып болған соң, иілмей тұрып 15 рет

  {سُبْحَانَ اللهِ وَ الْحَمْدُ للهِ وَ لاَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ وَ اللهُ اَكْبَرُ}

 «Суб­хан-Аллаһи уәл-хам­ду лил­лә­һи уә ләә илә­һә ил­лал-ла­һу уаллаһу әк­бар» деп айт. Содан соң рүкүғқа иіліп, дәл осы сөздерді 10 рет айт. Сосын бойды тіктеп осы сөздерді тағы да 10 рет айт. Сосын сәждеге бас қойып, сәждеде дәл осылай 10 рет айт. Сосын сәждеден басты көтеріп, осы сөздерді 10 рет тағы айт. Сосын қайта сәждеге бас қойып, осы сөздерді 10 рет айт. Сосын басыңды көтеріп осы сөздерді тағы да 10 рет айт. Осылайшы бір рәкағатта осы тәсбихтерді 75 рет айтқан боласың. Төрт рәкәғаттың бәрінде дәл осылай жаса. Қаласаң бұл намазды күніне бір рет оқы. Егер күнде оқи алмасаң аптасына бір рет оқы. Егер оған шамаң келмесе, айына бір рет оқы. Айына бір рет оқи алмасаң, жылына бір рет оқы. Егер оны да жасай алмасаң, жоқ дегенде өміріңде бір реті оқы» деп осы тәсбих намазын үйреткен (Әбу Дәуіт, Соля, 303 (1297, 1299); Термези, Соля 350 (482); Ибн Мәжә, Иқома 190, (1386, 1387).

Бұл хадисті ғалымдарымыз сахих деп тапқан. Сондықтан тәсбих намазы – сауабы мол құлшлықтың бірі. Бұл на­маз­ды әр­қа­шан оқу­ға бо­ла­ды. Ап­та­сы­на бір рет не­ме­се айын­а бір рет, тым бол­ма­са өмі­рін­де бір рет оқу ке­рек. Тәс­бих на­ма­зы – төрт рә­кағат. Әр­бір рә­кағат­та «Фа­ти­ха» мен қосымша бір сү­ре оқы­ла­ды. Бір не­ме­се екі сә­лем­мен аяқ­та­ла­ды. Осы на­маз­да үш жүз рет:

{سُبْحَانَ اللهِ وَ الْحَمْدُ للهِ وَ لاَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ وَ اللهُ اَكْبَرُ} 

 «Суб­хан-Аллаһи уәл-хам­ду лил­лә­һи уә ләә илә­һә ил­лал-ла­һу уаллаһу әк­бар» тәс­би­хы оқы­ла­ды. Яғ­ни, әр­бір рә­кат­та жет­піс бес рет тәс­бих оқы­ла­ды. Ниет етіп, қол байла­нып, суб­ха­на­ка­дан кейін он бес рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Со­дан кейін Ә'узу-бис­мил­лаһ, «Фа­ти­ха» жә­не бір сү­ре оқы­лып, қайта­дан осы «тәс­бих» он рет оқы­ла­ды. Со­дан кейін рү­күғ­ке ба­ра­ды. Үш рет рү­күғ тәс­би­хі ай­тыл­ған соң, сол жер­де он рет та­ғы да осы «тәс­бих» оқы­ла­ды».

Со­дан кейін қиям­ға бар­ған кез­де сол жер­де он рет оқы­ла­ды. Одан кейін сәж­де­ге ба­ра­ды. Сәж­де тәс­би­хы айты­лы­сы­мен ар­тын­ша он рет «тәс­бих» оқы­ла­ды. Сәж­де­ден тәк­бір ай­тып тұ­ра­ды да, екі сәж­де ара­сын­да та­ғы да он рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Қайта тәк­бір ай­тып, сәж­де­ге ба­рып, сәж­де тәс­би­хін айт­қан соң, он рет осы «тәс­бих» оқы­ла­ды. Со­ны­мен бә­рі қо­сы­лып, жет­піс бес­ке же­те­ді. Осы­дан кейін екін­ші рә­кат­қа тұ­ра­ды да, сол рә­кат­ты дәл осы­лай оқып оты­ра­ды. Оты­рыс­та «әт-та­хият» пен «салауат» оқы­ла­ды. Осы­мен «тәс­бих» жүз елу­ге же­те­ді. Осы­дан кейін сә­лем бе­ріп яки сә­лем бер­мей үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Осы соң­ғы екі рә­кат дәл ал­дың­ғы­дай оқы­ла­ды. Осы­лайша үш жүз «тәс­бих» оқы­ла­ды (М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы. Ислам ғылымхалы).

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 178 рет
JoomShaper
Top