Өзге дін өкілі болса да ораза ұстайтын депутат

Сенбі, 12.05.2018
Өзге дін өкілі болса да ораза ұстайтын депутат

Канада парламентінің депутаты Марк Холланд өзге дін өкілі  болғанына қарамастан, бірнеше жыл қатарынан қасиеттті Рамазан айында ораза ұстап келеді.

Холланд, 2015 жылдан бастап Рамазанда ауыз бекітуді әдетке айналдырған. Депутат бұл әрекетін барша мұсылмандарға деген құрмет деп түсіндірді. Сондай-ақ, ол Рамазан ақша үнемдеу үшін үлкен мүмкіндік айы деп санайды. Тамаққа жұмсайтын ақшаны қайырымдылық істеріне арнаған абзал дейді.

«Рамазан айы кезінде досым «30 күн сыйла» атты қайырымдық жобасын жүргізбек ниетте екенін айтты. Бұл жоба аясында мұсылмандарды қолдау және Ораза ұстау арқылы ақша үнемдеп, ол ақшаны жағдай төмен отбасыларға қайырымдылық ретінде берілетінін айтты. Мен көп ойланбастан, Ораза ұстауға және қайырымдылық жобасын қолдауға келістім» дейді Марк.

Ол ауыз бекіту арқылы бүкіл әлемдегі 2 миллиард мұсылманға қолдау көрсетті.

Өткен жылы осы қайырымдылық негізінде 170 505 доллар жиналған.

«Мен әлі де бұл жобаны қолдаймын. Бұл, әсіресе, біздің елдегі діни топтар арасындағы тамаша көпір» дейді Холланд.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 153 рет
JoomShaper
Top