Оразада қалай тамақтану керек?

Жұма, 11.05.2018

- Оразада қалай тамақтану керек?

- Бұл сұраққа пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисімен жауап бергім келеді. Онда «Біз сондай қауымбыз – қарнымыз ашпай тамақ ішпейміз. Егер тамақ ішкен болсақ қатты тоймаймыз» дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) асқазан 3 бөліктен тұрады: бір бөлігі тамаққа, екінші бөлігі сусын, үшінші бөлігі ауа дейді. Соның барлық бөлігін тамаққа толтыру харам болмаса да, сүннетке сәйкес келмейді.

Оразаның жеке адамға және қоғамға пайдасы бар. Сол қоғамның ішінде ораза байға да, кедейге де парыз. Күнделікті тамағы бар адам кедейдің жағдайын сезіне алмауы мүмкін. Алла тағала бойына дүние бітірген кісілер Ораза кезінді ашығу арқылы кедейдің жағдайын түсінетін болады. Басына түскеннен кейін сол қиындықты сезінеді. Сезінген соң, ол кедейлерге қол ұшын беру сияқты игі істерді жиі жасайды. Рамазан айы кезінде ашығудың, әлсіреудің қиындықтарын сезінбей, таңертең де кешке де тойып алса Оразаның негізгі мәнінен алыстап кетеді.  Негізінен күш беретін дәруменге толы жеміс-жидектерді молырақ жеген абзал.

Арнайы Kazislam үшін Қанат Қыдырмин

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 762 рет
JoomShaper
Top