Жұма намазы тек мешітте ғана оқыла ма?

Жұма, 05.01.2018
Жұма намазы тек мешітте ғана оқыла ма?

Жұма намазы тек мешітте ғана оқылады ма? Егер бірнеше адам жиналса және мешітке баруға мүмкіншіліктері болмаса, араларынан біреуі имам болып өздері жұма намазын оқуына болады ма?

Жұма намазының парыз болу шаттарымен қатар дұрыс болу шарттары да бар. Осы шарттар орындалған жағдайда ғана жұма намазы дұрыс болып саналады. Бұл шарттар:

  1. Жұ­ма оқы­ла­тын жер­дің қа­ла не­ме­се қа­ла­ға лайық бо­луы қа­жет. Бұл жайлы сахаба Әли (р.а.): «Жұ­ма на­ма­зы, тәш­риқ тәк­бір­ле­рі, Ра­ма­зан жә­не Құр­бан айт на­маз­да­ры нө­пір қа­ла не­ме­се ай­мақ­тар­да оқы­ла­ды»,дейді. Имам Ағ­зам осы­ған қа­рап, үкім шы­ғар­ған. Яғ­ни, оның көз­қа­ра­сы бойын­ша, әкі­мі, кө­ше­сі, ба­за­ры, бар оты­рық­ты жер – «нө­пір қа­ла» бо­лып са­на­ла­ды. Әбу Юсуп бойын­ша, хал­қы үл­кен ме­шіт­ке сый­май­тын­дай қа­ра­құ­рым бол­ған жер­лер­ді қа­ла са­на­са, Имам Мұ­хам­мед бас­шы­лар­дың қа­ла са­на­ған жер­ле­рін қа­ла деп есеп­тейді.

Жұ­ма на­ма­зы ша­ғын оты­рық­шы жер­лер­де де оқы­ла ала­ты­ны жайлы дә­лел­дер бар. Әбу Һу­райра Бах­рейнде қыз­мет етіп жүр­ген ке­зін­де халифа Омар­дан жұ­ма на­ма­зы жайлы сұ­райды. Ол «Жұ­ма на­ма­зын қайда бол­саң­дар да оқың­дар» деп жауап қа­та­ды. Ибн Аб­бас жұ­ма на­ма­зын Мә­ди­на­да­ғы Пай­ғам­бар ме­ші­ті­нен кейін ал­ғаш рет Бах­рейнде­гі «Жууаса» де­ген ауыл­да оқыл­ға­ны жайлы ха­бар бе­ре­ді. (Бұхари)

  1. Жұ­ма оқи­тын имам­ның үкі­мет та­ра­пы­нан рұқ­са­ты бо­луы ке­рек. Ха­на­фи құ­қық­шы­ла­ры бойын­ша, жұ­ма на­ма­зы үшін де басшылар тарапынан рұқсат болуы қажет.
  2. Жұ­ма на­ма­зы дұ­рыс бо­луы үшін, Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, имам­нан тыс ең аз үш адам, Әбу Юсуп жә­не имам Мұ­хам­мед­тің көз­қа­ра­сы бойын­ша, екі ер кі­сі­нің бо­луы шарт.
  3. Жұ­ма на­ма­зы оқы­ла­тын жер­дің ха­лық­қа ашық болуы. Өйтке­ні, жұ­ма на­ма­зы – Ис­лам­ның рә­мі­зі, дін­ ерек­ше­лік­те­рі­нің бі­рі. Имам есі­гін құ­лып­тап, жұ­ма оқы­са, на­ма­зы дұ­рыс бол­майды.
  4. Уа­қыт. Жұ­ма­ның уақы­ты – бе­сін на­ма­зы­ның уақы­ты.
  5. Хұт­па. Пай­ғам­барымыз (с.ғ.с.) хұт­па­сыз еш­қан­дай жұ­ма на­ма­зын оқы­ма­ған. Хұт­па шарт бол­ма­ған­да кейде оны тәрк ете­тін еді. Жа­ма­ғат­тың ал­дын­да хұт­па оқы­луы ке­рек. Хұт­па оқы­лып жат­қан кез­де жа­ма­ғат бол­май, біт­кен­нен кейін кел­се, на­маз­да­ры дұ­рыс бол­майды. Жа­ма­ғат­тың хұт­па­ны ес­ту­ле­рі шарт емес. Жал­пы сол жер­де бол­са жет­кі­лік­ті. Хұт­па ке­зін­де жо­лаушы бол­са да, жал­пы ғи­ба­дат ету­мен мін­дет­тел­ген бір ер кі­сі­нің бо­луы жет­кі­лік­ті.

Міне, осы шарттар орындалғанда ғана жұма намазы дұрыс болып саналады. Сондықтан бірнеше адам жиналып, өз беттерінше кез келген жерде жұма намазын оқи бермейді. Жұмыста болып немесе басқа жағдайлармен мешітке барып жұма намазын оқи алмаған кісі бесін намазын оқиды.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 97 рет
JoomShaper
Top