Шетелде діни білім алу заңмен реттеуді қажет етеді

Сейсенбі, 05.12.2017
Шетелде діни білім алу заңмен реттеуді қажет етеді

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыстар жүргізілуде.

Осы заң жобасында «Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуына Қазақстан Республикасында жоғарғы рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол беріледі. Халықаралық шарт (келісім) негізінде, сондай-ақ тіркелген діни бірлестіктердің Қазақстанда рухани (діни) білім беру ұйымдары болмаған жағдайларда шетелде оқып-үйренуге болады» деген толықтырулар бар.

Яғни, Қазақстан Республикасының азаматтарына рухани (діни) білімді шет елдерде алуы тек жоғарғы рухани (діни) білімді ҚР алған соң ғана, сондай-ақ тіркелген діни бірлестіктің Қазақстанда рухани (діни) білім беру ұйымы жоқ болған жағдайда халықаралық келісім бар болуымен ерекше жағдайда жол беріледі.

Осы толықтырулар не үшін қажет болғанына егжей-тегжейлі үңіліп көрейік.

Көпшілік жағдайларда ешқандай діни сауаты жоқ жастар шетелдік оқу орындарына діни білім алуға шығуы барысында радикалдық бағыттағы ағымдардың идеологтарының ықпалына түсіп қалып жатады. Мұның алдын алуға бағытталған әртүрлі форматтағы түсіндіру жұмыстары мемлекеттік органдар тарапынан да, елімізде ресми тіркелген діни бірлестіктер тарапынан да көптеген жұмыстар жүргізілді. Алайда, деструктивті діни ағымдардың өкілдері оған құлақ асқылары келмеді.

Ал оның салдары еліміздің тыныштығы мен тұтастығына нұсқан әкеліп, қоғамның арасына әрәткі сала бастады. Сондықтан, қоғамның қауіпсіздік мүддесі үшін шет елдерде діни білім алу процесіне жекелеген тыйымдар туралы норма ҚР азаматтарының білім алу құқығының құқықтық базасын бұзбайды деп санаймыз.

Бір жағынан, бүгінгі күні елімізде де діни білім берудің қзіндік мектебі қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта Қазақстан тіркелген діни бірлестіктер, соның ішінде ҚМДБ әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-мен (ЕАР, РФ, Түркия, Татарстан) өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Осыған байланысты, діни мекемелердің түлектері Қазақстандағы оқудан соң шетелдік оқу орындарында заңды негізде оқуларын жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

Бұдан бөлек, ҚМДБ тарапынан шетелдік мемлекеттердегі рухани (діни) оқу орындарына бармастан алдын  бастапқы діни білімді отандық теологиялық оқу орындарында алудың маңыздылығы туралы еліміздегі мақсатты аудиториялармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тек осыдан кейін ғана біліктілігін арттыру немесе қосымша кәсіби шеберліктер алу мақсатында шетелдік теологиялық оқу орындарына түсулеріне жол беріледі.

Діни білім мен діни көзқарасты қалыптастыру жергілікті рухани ортада және отандық шарттардан бастау алуы қажет.

Республикамыздың жекелеген азаматтары діни білім алуға шетелдерге ресми емес каналдар арқылы шығып жатады, ал мұның салдары көп жағдайларда қайғылы және теріс салдарларға апарып соқтырады. Мұның соңғы нақты көрінісі жақында ғана орын алған, біздің азаматтарымыздың Египет Араб Республикасы аумағында ұсталуы және аталған елден депортациялануы бола алады. Бқл олардың қажетті білім алулары мүмкіндііген айырды, сонымен қатар олардың ақталмаған қаржылық шығындарға душар болуына алып келді. Осындай тосын оқиғалар біздің еліміздің халықаралық аренадағы беделіне нұқсан келтіретінін де ескерген жөн.

Рухани (діни) білімді шет елдерде алуды заңмен реттеу тәжірибесі шет елдерде бұдан бұрын да бар екеніне назар аударған жөн.

Мысалы,Тәжікстан Республикасының «Ар-ұждан және діни бірлестіктер туралы» Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес діни білімді шет елдерде алу, сондай-ақ шетелдің жоғарғы оқу орындарында діни білім алу тек Тәжікстан Республикасында діни білім алған соң ғана рұқсат етіледі және дін істері және білім аясынлағы мемлекеттік уәкілетті орган тарпынан жазбаша келісім алынған соң рұқсат етіледі.

Сол секілді, Түркия және Малазия тәжірибесіне сәйкес, бұл елдердің азаматтары араб елдерінде ЖОО-ғы діни білімдерін отанында базалық ілімді алған соң жалғастыруға рұқсат етіледі.

Сондықтан, рухани (діни) білімді шет елдерде алуды заңмен реттеу уақыт пен заман талабы десек қателеспейміз.

Балғабек МЫРЗАЕВ,

теология ғылымының докторы 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 148 рет
JoomShaper
Top