Заң атеистердің құқығын қорғай ма?

Сенбі, 11.11.2017
Заң атеистердің құқығын қорғай ма?

Заң жобасы атеистердің құқығын қорғауды қарастырып жатыр екен. Қоғамның бұған қатысты пікірі де алуан түрлі. Атеистерді арнайы бөліп көрсету қажеттілігі неден туындады?

Бұл мәселе дін ұстанбайтын, сонымен қатар атеисттер құқықтарының сақталуы мақсатында заңнамаларды халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сай келтіруден туындады. Заң жобасымен 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саясаттық құқықт ары жөніндегі халықаралық пактісінің 18-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында атеист тұлғалар құқықтарының сақталуына бағытталған бірқатар өзгертулер қарастырылған.

Көбінде тәжірибеде азаматтар, діни жораларды толықтай орындамайтындар немесе атеистер, «дінсіз», «күнәһар» деп айыпталады, бұл діни төзімсіздік болып танылады. Діни радикализация себебінің бірі азаматтардың дінсіз деп айыпталуынан, діннен адасу және діни жораларды орындамауында айыпталуы үрей туғызады. Аталмыш қосымшаның енгізілуі сенім бостандығы, соның ішінде өзін ешбір дінге қатыстырмау еркіндік кепілдігі көптеген батыстық елдердің тәжірибесінде кездеседі. Әлемдік тәжірибеде дін бостандығы өз дінін және сенімдерін таңдау еркіндігін, сондай-ақ атеистік көзқарасты ұстануды қамтиды.

Балғабек МЫРЗАЕВ,

теология ғылымының докторы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 90 рет
JoomShaper
Top