Есектің еті мен сүті харам ба?

Сенбі, 21.10.2017
Есектің еті мен сүті харам ба?

Есектің еті мен сүті харам ба? Соңғы кезде есектің сүті кейбір ауруларға шипа екен деп көп айтылып жүр. Сонда есектің сүті адал ма?

Ислам шариғаты бойынша есектің еті – харам. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хайбар соғысы кезінде оның етінің желінуіне тыйым салған. Ол туралы сахабалар былай дейді: «Хайбар соғысында Пайғамбарымызбен бірге аштыққа тап болдық. Арамыздағы бір топ адам қала сыртында жүрген есектерді ұстап алып келді. Біз оларды сойып, қазанға салдық. Қазандарымыз қайнап жатқанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жаршыға: «Қазандарыңды төгіңдер. Есек етінен бір кесек болса да жемеңдер!» деп жария етуді бұйырды. Бұны ести сала қазандарымызды төктік».  (Ибн Мажә, Сүнән) тағы бір хадисте: «Пайғамбарымыз Хайбар күні үй есегінің етін жеуге тыйым салған еді» деп айтылған. (Бұхари, әл-Жамиус-сахих)

Ал сүтіне келетін болсақ, еті харам деп саналатын жануарлардың сүттері де харам болып есептеледі.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 565 рет
JoomShaper
Top