Қарызды кешіктіргендер туралы ислам дінінде не айтылған?

Бейсенбі, 12.10.2017
Қарызды кешіктіргендер туралы ислам дінінде не айтылған?

Қарызды қайтаруды кешіктіргендер туралы ислам дінінде не айтылған?

Бұл жағдайда алдымен қарызды қайтаруды кешіктірудің себептерін анықтау қажет. Себебі, қарыздар адам көбінесе үш жағдайда қарызды кешіктіруі мүмкін: жағдайының болмауы, ұмыту, мүмкіншілігі бола тұра қарызды қайтарғысы келмеуі.

Қарыз алған адам берешегін қайтаруға шамасы жетпей, жағдайы болмай жүрсе қарыз берушінің оған кеңшілік жасауын ислам діні құп көреді. Алла тағала Құранда Бақара сүресі, 280-аятта: «Қарыздар адам қиналып жүрсе жеңілдікке қол жеткізгенге дейін (жағдайы болғанға дейін) оған уақыт бер» дейді. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) хадисте: «Кімде-кім қиналып жүрген қарыздар кісіге жеңілдік танытса, Алла тағала да сол кісіге әрі осы өмірде, әрі ақыретте жеңілдік танытады» дейді (Муслим).

Берешегі бар екенін ұмытып кеткен адам да өзі немесе біреу есіне түсіргенге дейін кінәлі болып саналмайды. Себебі, дінімізде ұмытып немесе қателесіп жасалған күнәлар кешірілетіні айтылған.

Ал енді мүмкіншілігі бола тұра қарызын қайтармауды хадисте зұлымдық деп бағалайды. Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Мүмкіншілігі бола тұра қарызды қайтармау – зұлымдық» деген (Бұһари). Сондықтан, мүмкіншілігі бар адам ешкімге қиянат жасамай, қарызын қайтаруға асығуы қажет.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 840 рет
JoomShaper
Top