Еуропа: танымал мұсылман футболшылар ондығы

Сәрсенбі, 25.04.2018

1.Месут Озил

Неміс құрамасының ойыншысы Лондонның «Арсеналы» үшін ойнайды. Ол әлемдегі ең керемет  жартылай қорғаушылардың бірі.

2.Сами Хедира

Неміс футболшысы, «Ювентус» клубының жартылай қорғаушысы және Германия құрамасында ойнайды. 2014 жылы әлем чемпионатын жеңіп алған Сами Хедира бір жылда Чемпиондар Лигасы мен Әлем кубогын жеңіп алған оныншы ойыншы болды.

3.Джордан Шакири

Албаниядан шыққан Швейцариялық футболшы, «Сток Ситидің» жартылай қорғаушысы және Швейцарияның ұлттық құрамасында ойнайды.

4.Пол Погба

Гвинеяның тумасы, француз футболшысы, «Ювентус» клубының жартылай қорғаушысы. Халықаралық аренада Погба француз ұлттық командасының барлық ойынына қатысады.

5.Бакари Санья

Сенегалдық француз футболшысы,  «Манчестер Сити» ағылшын клубы мен француз командасының ойыншысы.

Франция чемпионатының үздік қорғаушысы: 2007

Англия Чемпионатының үздік қорғаушысы: 2008, 2011.

6.Эмрэ Джан

Түркиядан шыққан неміс футболшысы, «Ливерпуль» ағылшын құрамасының жартылай қорғаушысы. Германияның ұлттық құрамасында ойнайды. Эмре Түркия құрамында ойнаудан бас тартып, Германияның атынан халықаралық аренаға шығып жүр.

7.Кәрім Бензема

Алжирлік француз футболшысы. Испандық «Реал Мадрид» және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы.  Француз жылына 6,5 миллион алады 24% салықты есептемегенде 5 миллион еуро пайда табады .

8.Франк Біләл Рибери

Француз футболшысы. 2012-13 жыл маусымы бойынша УЕФА-ның үздік футболшысы атанған, чемпиондар Лигасның жеңімпазы, «Бавария» сапындағы жартылай қорғаушы.

9.Коло Хабиб Туре

Лондонның «Арсенал» клубының қорғаушысы. Кот-д'Ивуардың тумасы. Футболшы «Манчестер сити» және «Ливерпуль» клубтарының атынан да ойнаған.

10.Фредерик Кануте

Француздық футболшы,  «Севилья» клубы үшін ойнайды, француз құрамасының шабуылшысы. Исламға келгеніне 20 жылдан асты. 

 Мадина Жанғазиева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 340 рет
JoomShaper
Top