Тағдырдың тәлкегіне мойымаған "Ғасыр анасы"

Сейсенбі, 15.05.2018
Тағдырдың тәлкегіне мойымаған "Ғасыр анасы"

Ғасыр анасы. Бұл сөзге бауыр еті баласы үшін бәріне дайын Аналардың барлығы лайық. Дегенмен, біз сөз еткелі отқан Түркиядағы Садет Дживильдің жағдайы бөлек.

 

Садет Дживиль – мүгедектігі бар төрт баланы тәрбиелейтін мұсылман ана. Ол балалар үшін анамен қоса әкенің де рөлін атқарады. Себебі ол оларды жалғыз өсіруге мәжбүр.

Сондай-ақ, өзі қант диабетімен ауратынына қарамастан, бар тапқан-таянғанын балаларының дәрі-дәрмегі мен азық-түлігіне жұмсайды . Ана отбасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларымен бірге   қиындықтармен күресуге әдеттенген.

58 жастағы мұсылман ана 10 жыл бұрын күйеуін жоғалтты. Оның айтуынша, бақытсыздық отбасыларына бірінен соң бірі келген: «Балалардың алғашында денсаулығы жақсы болды, содан кейін олар жүріп, сөйлеу қабілетін біртіндеп жоғалтты. Олар төсек тартып қалды. Бізге әлемнің түкпір-түкпірінен қандай дәрігерлер келді! Бірақ бәрі нәтижесіз. Енді мен басқа түскен ауыр жағдайға көндігіп, тек Аллаға үміт артудан басқа ештеңе істей алмаймын. Алладан маған денсаулық беруін сұраймын. Мен болмасам балаларыма кім қарайды?! » дейді Садет Дживиль жүрегі елжіреп.

Садет Дживиль  мемлекеттік жәрдемақы алады, ол үшін ел басшылығына алғысын білдіреді. Оның туыстары шалғайда тұратындықтан, оған қол ұшын беруге мүмкіндіктері жоқ.

Жыл сайын Түркияда «Жыл анасы» марапаттау рәсімі өтеді. Бұл марапатқа балаларына ерекше күтім мен қамқорлық көрсететін аналар ие болады. Алайда, Стамбул әкімшілігі биылғы жылы Садет Дживилге «Ғасырдың анасы» атағын беруді ұйғарды.

Ғасыр анасына денсаулық пен мұқалмас жігер тілейміз!

 

Мадина Жанғазиева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 314 рет
JoomShaper
Top