Әйел адамның мал бауыздауына шариғат не дейді?

Сенбі, 06.01.2018
Әйел адамның мал бауыздауына шариғат не дейді?

Әйелдің немесе қыз баланың мал бауыздауына болады ма? Бұған ислам дінінің көзқарасы қалай?

Ислам діні бойынша мұсылманның бауыздаған малын жеуге болады. Ең бастысы мал шариғат талабына сай бауыздалуы керек. Яғни, әйелдің немесе қыз баланың, сондай-ақ ақылы кірген жас баланың малды бауыздауына болады және бұл малдың еті желінеді. Тіпті, олар құрбандық малын да бауыздай алады.

Бұған мына оқиғаны дәлел ретінде келтіре аламыз: бір күні сахаба Кәғб ибн Мәліктің қойын бағатын бақташы  әйел ауырған бір малды өткір таспен бауыздайды. Сол кезде сахаба Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) «Бұл малдың етін жеуге бола ма?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә, жеңдер» деп жауап берген. (Бұхари)

Әрине, ер кісі болған жағдайда, ер адамның бауыздағаны абзал. Ақылы кірмеген сәбидің, ақылынан адасқан кісінің немесе мас адамның мал бауыздауы дұрыс емес. Өйткені, құрбан шалу барысында ниет ету және «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар» деп айту сияқты талаптар толық орындалмай қалуы мүмкін.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 80 рет
JoomShaper
Top