Ұрық өз күйеуінен алынса эко жасатуға рұқсат па?

Сейсенбі, 03.10.2017
Ұрық өз күйеуінен алынса эко жасатуға рұқсат па?

Қолдан ұрықтандыру мәселесі соңғы 30 жылдың мәселесі болғандықтан соңғы кезеңдегі мұсылман ғалымдары мынадай шарттар орындалған жағдайда бұған рұқсат берген.

1. Қандай да бір науқастыққа байланысты табиғи жолмен балалы болу мүмкіндігі жоқ болғанда;

2. Тек қана сол ерлі-зайыптылардың ұрығы мен жұмыртқа клеткасы және жатыры қолданылған жағдайда. (Донорлық материалдар қолдануға рұқсат етілмейді). Ұрықтың шатасып кетпеуі қатаң қадағалануы қажет.

3. Қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жүзеге асуы қажет. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін рұқсат етілмейді

4. Екеуінің де келісімі болуы керек

5. Шариғат талаптарына сай бұл істі сенімді мұсылман әйел дәрігер орындағаны жөн. Мұсылман әйел табылмаса басқа әйел адам, әйел табылмаған кезде сенімді, білікті ер дәрігердің жасауына рұқсат. Бірақ ол жағдайда әйелдің жанында туыстарының бірі болуы қажет.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1245 рет
JoomShaper
Top