Намазда айтылатын салауаттардан басқа тағы қандай салауаттар айтқан жөн?

Сенбі, 23.12.2017
Намазда айтылатын салауаттардан басқа тағы қандай салауаттар айтқан жөн?

Намазда айтатын салауаттардан басқа тағы қандай тез жаттап  алуға болатын салауаттар айтқан жөн? Арапша айтылуы мен аудармасын да қоса жазып жіберсеңіз.

Намаздағы салауаттармен қатар мына салауаттарды да айтқан жақсы:

Аллоһумма салли ала Мухаммадин уа әлә әлиһә уә сахбихи уә сәллим!

Мағынасы:Уа, Алла Тағалам, Мырзамыз Мұхаммедке және оның обасына салауат айтып сәлем жолдаймыз!

Аллоһумма салли ала Мухаммадин уә әнзилһу әл-муқадәл-муқорраба индәкә иәумәл-қияма

Мағынасы:Уа, Алла Тағалам, пайғамбарымыз Мұхаммедке салауат айтамыз. Қиямет күнінде Оны Өзіңе жақын (Мақаму Махмуд) мақамға орналастырғайсың!

Аллоһумма салли ала сәийдина Мухаммадин тиббил-қулуби уә дәуәиһә уә афиәти-әбдәни уә шифәиһа уә нурил абсори уә дияиһа уә ала әлихи уә сахбихи уә сәллим!

Мағынасы:Уа, Алла Тағалам, Жүректедің емшісі және дауасы, тәндерге шипа беріп, қуат сыйлаушысы, көздердің нұры һәм жарығы Мұхаммедке, оның пәк отбасы мен адал сахабаларына салауат айтып сәлем жолдаймыз!

Әлфу әлфи солатин уә әлфу әлфи сәләмин аләйкә иә Расулаллаһ, Әлфу әлфи салатин уә әлфу әлфи сәләмин аләйкә иә Хабибаллаһ, Әлфу әлфи салатин уә әлфу әлфи сәләмин аләйкә иә Әминә уахиилләһ! 

Мағынасы:Сан мыңдаған салауат және сәлем жолдаймыз Саған уа, Алланың елшісі, Сан мыңдаған салауат және сәлем жолдаймыз Саған уа, Аланың ең сүйіктісі, Сан мыңдаған салауат және сәлем жолдаймыз Саған уа, Алланың уахиін бүкпесіз, сенімді түрде жеткізуші!  

 Аллаһуммә салли алә сәйидинә Мухәммәдин нәбии кәмә әмәртәнә ән нусаллиә әләйһ, уә салли әлә сәйидинә Мухәммәдин нәбииль-уммий кәмә иәнбәғи ән иусаллә әләйһ. Уә салли алә сәйидинә Мухәммәдиин нәбий би адади мән ләм иусалли әләйһ, уә салли әлә сәйидинә Мухәммәдиин нәбии кәмә тухиббу ән иусаллиә аләйһ!.

Мағынасы:Уа Алла тағалам пайғамбар бізге бұйырғаныңдай салауат айтуымызбен Мұхаммедтің дәрежесін жоғары еткейсің. Умии пайғамбар Мұхаммедке (біз бәле алмайтындықтан) қалай салауат жолдану қажет болса, солай салауат еткейсің. Уа, Аллаһым құрметті пайғамбарымыз Мұхаммедке ешбір жаратылыстың саны жетпейтіндей салауат айтылып, мақтаулы мақамға жетуін нәсіп еткейсің. Уа, Алла тағалам, Мұхаммед пайғамбарымызға қалай салауат айту Өзіңе ұнаса дәл олай салауат еткейсің!.  

Аллаһуммә салли алә Мухәммәдин кәмә нәууә-ә әһлуһә, Аллаһуммә салли алә Мухәммәдин кәмә тухиббу уә тарда ләһу!.

Мағынасы:Уа, Аллам!  Мұхаммедтің отбасы Оған салауатты қалай жасауды қалаған болса, сондай салауат нәсіп еткейсің. Уа, Аллам! Өзіңе ұнайтын әрі разы болатын салауатты Мұхаммедке сый еткейсің.

Аллаһуммә раббәл хилли уә-лхәрам, уә Раббәл бәләдил хәрам, уә Раббәл мәшәрил хәрам, уи кулли  әнзәлтә фи шәһри Рамәдаан, бәллиғ рухә сәйидинә Мухәммәдин минни тәхийәтән уә сәләмән!.

Мағынасы:Уа, кағба мен оның төңірегінің Раббысы. Уа, қасиетті қағба болған елдің иесі. Уа, қажылық іс-шаралары өтетін мекеннің иесі һәм рамазан айында түсірілген барлық нәрсенің иесі болған Алла тағалам, Құрметті Мұхаммедтің рухына менің сәлемім мен амандықты жеткізгейсің! 

Аллаһуммә салли алә сәийдинә Мұхәммәдин уә алә әһлиһи уәсәлләмә фил әууәлиин Аллаһуммә салли алә сәийдинә Мухәммәдин уә алә әлиһи уәсәлләмә фил аахириин. Уә салли алә сәийдинә Мухәммәдин уә әлиһи уә сәлләмә фи мәлә-ил ә‘лә илә иәумиддиин!

Мағынасы:Уа, Аллаһым, Мұхаммедке әрі оның отбасына алғашқылардың арасында дәрежесі жоғары болып амандықтан болсын.  Уа Аллаһым Мұхаммедке әрі оның отбасы соңғылардың арасында дәрежесі жоғары болып амандықтан болсын. Уа, Аллаһым, Мұхаммедке әрі оның отбасы ардақты періштелердің арасында қиямет қайымға дейін дәрежесі жоғары болып, біздерге шапағат ететіндей амандықтан болсын!

Аллаһумма салли алә сәийдина Мухаммадин солатән тордикә уә тордиһи уә тордо биһә әннә иә Раббал Аламин фи кулли ләмхатин уә нәфсин ададә уәсиәғу илмуллаһ!

Мағынасы:Уа, Аллам! Уа, әлемдердің Раббысы! Әр сәтте, тынысымызда, Алланың білімі қанша болса сонша, Сені де оны да және бізді де разы ететіндей Құрметті Мұхаммедтің мерейін үстем еткейсің!

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 247 рет
JoomShaper
Top