Үш жүз алпыс қасиет

Сейсенбі, 10.10.2017
Үш жүз алпыс қасиет

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үш жүз алпыс қасиет бар. Алла Тағала бір пендеге жақсылық қаласа, ол қасиеттердің бірін беріп, сол арқылы жәннатқа кіргізеді» деді.

Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Уа, расул Алла! Сол қасиеттердің бірі менің бойымда бар ма?» деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә, барлығынан бар», - деп жауап берді. Бұл хадис Ибн Әбу Дунияның «Макарим ахлақ» кітабында және Асакир еңбегінде бар.

Шағби: «Алла Тағала ешбір адамға бермеген төрт қасиет Әбу Бәкірдің (р.а.) бойында ғана бар, олар: Әбу Бәкірді ғана Алла Тағала сыддық деп атаған. Одан басқа ешкімді бұл есіммен атамаған. Екіншісі, Алла елшісінің (с.ғ.с.) һижрет етіп келе жатқанда үңгірде серігі болды. Үшінші, ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударған кезде сапарда жолдасы болды. Төртінші, Алла елшісі (с.ғ.с.)                Әбу Бәкірге намазға имам боп шығуына әмір етті, бұған мұсылмандар куә болды» деген екен. Міне, мәртебеге ешкім де жете алмаған.

Ибн Мусайаб: «Әбу Бәкір (р.а.) ардақты пайғамбардың (с.ғ.с.) уәзірі еді. Онымен барлық ісінде кеңесуші еді. Әбу Бәкір Исламға екінші боп кірді. Үңгірде пайғамбардың серігі, Бадр шайқасында пайғамбардың қорғаушысы, қабірі де пайғамбардың жатқан жердің жанында. Пайғамбар (с.ғ.с.) ешкімді Әбу Бәкірден ілгері қоймаушы еді» дейді.

 

Руслан ҚАМБАР

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 129 рет
JoomShaper
Top