БІЗ ТУРАЛЫ

Қазислам порталы – қасиетті дінімізді насихаттап, қоғам мен дін арасында алтынкөпір болуды мақсат тұтқан, еліміздегі барлық дінтанушылар мен теологтардың басын қосқан бірден-бір ақпараттық порталы болып табылады.

Порталда әлемдік деңгейдегі діни ғалымдардың еңбектері, ғибратты әңгімелер жарияланып, халықты ізгілікке шақырса, ақпараттық-насихаттық мақалалары арқылы халықтың сауатын ашу, дін туралы білімін жетілдіруге үлес қосуды көздейді.

Қазіргі таңда діни ахуалдың күрделілігіне байланысты, жастардың теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кетуіне тосқауыл құру мақсатында Қазислам порталы мемлекеттің дін саясатын реттейтін барлық органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, барынша ақпараттық қолдау көрсетіп келеді.

Сондай-ақ аймақтардағы діни ғалымдар, имамдар және осы бағытта қалам тербеп, ойын білдіргісі келетін барлық тұлғалардың жазбаларын Kazislam.kz сайтына жариялай алады.

Қазислам ақпараттық порталы мемлекетіміздің діни саясатын қолдайтын, қоғамды ізгілік пен мейірімділікке жетелейтін ақпараттар үшін пікір алаңы деп айтуға толық негіз бар.

Close