Жамандықтың үш негізі

Жұма, 11.05.2018
Жамандықтың үш негізі

Ібіліс өзінің көмекшілерін жинап: «Адам баласы дүниені жақсы көре ме?» деп сұрайды. Олар «Иә» деп жауап қатты. Ібіліс сонда:

«Егер дүниені жақсы көрсе, олардың пұтқа табынбауы аса маңызды емес. Онда оларды күндіз-түні осы осал тұсынан азғыру керек.

Әсіресе мына үш нәрсеге итермелеген жөн:

1. Харам жолмен ақша табуға;

2. Тапқан ақшасын харам істерге шашуға;

3. Қажетті әрі сауапты орындарға жұмсатпауға.

Өйткені барлық жамандықтың негізі осы үшеуінде жатыр», – деді.

Қ.Сабыржанұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 107 рет
JoomShaper
Top