Қабыл болмайтын амал

Бейсенбі, 10.05.2018
Қабыл болмайтын амал

Сахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиямет жайлы сөз қозғады.

Толассыз айтылған əңгіменің бір ұшы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

«Қиямет күні біршама адам Тихаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ, олардың амалдарын Алла Тағала қабылдамайды». Бұны естігенде бойын үрей билеген Сəлім Хұзафа (р.а.):

– Уа, Алланың құрметті елшісі, əке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған:

– Əй, Сəлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда, бір дүниеге тап келе қалса, көзі тұнып бас салады. Міне, Алла Тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді.

Құдайберді БАҒАШАР

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 453 рет
JoomShaper
Top