Сәжде мен сәлем

Бейсенбі, 03.05.2018
Сәжде мен сәлем

Эфиопия жеріне хижрат жасап барғанда, мұсылмандардың басшысы Жағфар  (р.а.) Нәжаши патшаның алдында сол елдің дәстүріне сай маңдайын жерге тигізіп емес, тік тұрып есендеседі. Патша алдында жасқанып жалтақтамайды.

Нәжаши бұндай сәлемдесу түрін ерсі санап:

– Неге менімен дұрыстап амандаспайсың? – дейді.

Сонда Жағфар ибн Әбу Талип (р.а.):

– Біз әлемдердің раббысы Алла Тағалаға ғана бас иеміз және Одан басқаға сәжде жасамаймыз. Арамыздан соңғы пайғамбар шықты. Ол бізге жәннаттық адамдардың сәлемін үйретті. Сондықтан біз сізге мұсылманша сәлем бердік, - деп сабырлы жүзбен жауап берді.

Қ.Сабыржанұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 124 рет
JoomShaper
Top