Анамды разы ете алдым ба?

Сейсенбі, 13.02.2018
Анамды разы ете алдым ба?

Бір күні бір адам Пайғамбарымыз (с.ғ.с) алдына келіп:

– Я, Алланың елшісі! Анам қатты қартайып, жас баладай болып қалды. Орнынан өздігімен тұра алмайды. Оған өз қолыммен тамақ беремін. Суды да өз қолыммен ішкізіп, дәрет алуына көмектесемін, соңынан намаз оқитын жеріне көтеріп алып барамын. Қалаған жеріне отырғызамын. Қалаған нәрселерді сатып аламын. Қасынан екі елі кетпеймін. Я, Алланың елшісі! Анамның алдыңдағы перзенттік борышымды өтедім бе? – деп сұрады. Осыны тыңдап отырған Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Анаңыздың хақының жүзден бірін де өтей алмадыңыз, – деді.

Ол адам: – Неге? Мен анамның айтқаны екі еткенім жоқ қой, – деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Анаң сәби кезінде жыласаң, ұйқысын төрт бөліп, бесікке таянып, махабат сезіммен сені емізеді. Құшақтап, бауырына басып еркелетеді, күлсен күледі, жыласаң жылайды. Іштен: «Ұлым өсіп ұлғайсын, елге, жерге сыйлы азамат болсын, отбасында жақсы отағасы болып, өмірі бақытты әрі ұзақ болсын» деп қуана-қуана көтеріп жүреді. Сен ата-ананың көңілгендей қызмет ете алмайсың. Мұны жақсылап біліп ал. Ешбір перзент ата мен ана ақысынан басқа үлкен сауаптар алған емес. Ата-ата разылығын алған – Алла Тағаланың разылығын алады, – деді.

Асылхан ЖАҚЫПОВ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 120 рет
JoomShaper
Top