Намаз қалай оқылады?

Сейсенбі, 16.01.2018
Намаз қалай оқылады?

«Намазды қалай оқисың?» деп сұрағандарға Хатами әс-Сам (р.а.):

«Намаз уақыты таяғанда, жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойланамын. Сонан соң, намазға тұрамын. Қағба – дәл алдымда, сират (қыл көпір) – аяғымның астында, жаннат – оң жағымда, ал тозақ – сол жағымда, Әзірейіл – төбемде қарап тұрғандай сезіммен оқимын. Үміт пен үрей арасында әлемдердің раббысы болған Аллаһ тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір алып, мағыналарына зер сала отырып, Құран аяттарын оқимын. Кішіпейілділікпен рукуғ жасаймын. Өз тереңдігіне сай сәждеге барамын. Оң аяғымның ұшын тіреп, сол аяғымды төсеніп отырамын. Осылайша намазымды ықыласпен, шынайылықпен оқуға тырысамын» деп жауап берген екен.

Қ.Сабыржанұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 286 рет
JoomShaper
Top