Арақ – апат

Дүйсенбі, 04.12.2017
Арақ – апат

Көне қауымдардың бірінде елден жырақта, өзімен өзі күн кешіп, тек құлшылықпен айналысатын бір кісі бар еді. Оның тақуалығына мүмкіндігінше кесірлікпен қараған бір әйел оған сырттай құмартып, бірде қызметшісін жіберіп үйіне шақыртады.

«Бір іске куәлік еткенін қалаймыз» дегенді сылтау етеді. Әлгі кісі үйге кіргенде, әйел есік-терезелердің бәрін тарс бекіттіріп, оған «Сені алдап шақырдым. Мақсатым, не менімен зина жасайсың, не мына қызметші жас баланы өлтіресің, не мына арақты ішесің. Егер ешқайсысына көнбесең, саған жала жауып, елдің алдында масқара етемін» дейді. Тақуа жан осы үш талаптың бірін орындамайынша, құтыла алмайтынына көз жеткізгенде, ең жеңілі осы болар деп арақты таңдады. Алайда арақ ішіп, ақыл-естен айрылғанда, арсыздықпен зинаға да барды, шімірікпей баланы да өлтірді.

Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осыны әңгімелеп, «Араққа жоламаңдар. Ішімдік –барлық жамандықтың негізі. Алла тағалаға ант етейін, адамның жүрегінде ішімдікке құмарлық пен иман бірге тұрақтай алмайды. Бірі екіншісін міндетті түрде ығыстырады» деп өсиет етті.  

Қ.Сабыржанұлы     

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 199 рет
JoomShaper
Top