Құранның құны қанша?

Жұма, 09.02.2018
Құранның құны қанша?

Ұлы Хаммад «Фатиха» сүресін үйренгенде, Имам Ағзам ұстазына бес жүз күміс ақша жібереді. Ұстазы бұған таң қалып:

– Мұншалықты ақша алатындай мен не істедім? – дегенде, – Ұлымның үйренгенін аз деме. Аллаға ант етейін, егер тағы да ақшам болса, Құранға құрмет ретінде ойланбастан саған жіберер едім, – дейді.

Қ.Сабыржанұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 418 рет
JoomShaper
Top