Сен неге қорықпайсың?

Дүйсенбі, 13.11.2017
Сен неге қорықпайсың?

Ертеде бір жолаушы қалын орманға кіріпті. Жыртқыш аңның дауысын естіген ол, қорқып ағаштың үстіне өрмелеп шығады. Әлгі жыртқыш келіп, төменде әрі-бері жүріп, кетіп қалады. Жолаушы төмен түсіп, сапарын әрі жалғастырады.

Сөйтіп біраз жүрген соң бір ағаштың түбінде демалып жатқан адамға кезігеді. Оның мына ну орманда жан-жағына алаңдамай еркін ұйықтап жатқанына қайран қалады.

– Сен мұндағы жыртқыштардан қорықпайсың ба? Жатысың тым жайлы екен? – деп сұрайды.

Ұйқыдан оянған жолаушы:

– Құдайдан басқа нәрседен қорқайын десем, Алладан ұялып жатырмын – деп жауап берген екен.

Түйін: «Ұят – иманнан».

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 798 рет
JoomShaper
Top