Ғалымға тәлім берген тақуа

Бейсенбі, 09.11.2017
Ғалымға тәлім берген тақуа

Тақуа кісілерден ысы­рап­қа қат­ты кө­ңіл бөл­етін Ха­ти­ми Әсам деген кісі бар еді. Өзімен замандас бір ға­лым­ның тым ысы­рапшыл екенін ес­тігенде, арнайы із­деп ба­ра­ды.

Кездескен бойда: «Дінді үйренсем деп едім, ма­ған ұс­таз бол» деп қол­қа са­ла­ды. Әлгі ға­лым: «Ал­ды­мен не үй­рен­гің ке­ле­ді?» деп сұ­райды. Ха­ти­ми Әсам: «Ал­ды­мен ма­ған дә­рет алу­ды үй­рет» дейді. Бұ­ны ма­құл көр­ген ға­лым бап­пен дә­рет алып, әр мү­ше­сін үш рет­тен жуып шы­ға­ды. Бә­рін ба­қы­лап отыр­ған Ха­ти­ми Әсам оған «Ен­ді мен дә­рет алайын, қа­те­ле­рім бол­са, тү­зе­тер­сің» деп, дә­рет алу­ға кі­рі­се­ді. Алайда, шын­тақ­та­ры­на кел­ген­де үш рет емес, төрт рет­тен жуады. Бұ­ны бай­қап қал­ған ға­лым:

– Су­ды ысы­рап ет­тің, – деп ес­кер­те­ді.

– Мен қай жер­де ысы­рап ет­тім? – деп қар­сы сұ­рақ қояды  Ха­ти­ми Әсам.

– Қол­да­рың­ды шын­тақ­та­рың­мен бір­ге үш рет жуу­дың ор­ны­на сен төрт рет жу­дың, – дейді ға­лым. Осыны күтіп тұрған Ха­ти­ми Әсам сонда  оған: «Менің бір ұрттам су­ды ысы­рап еткенімді қалт жібермедің, ал өзіңнің күн сайын басқа нәрселерге көп ысырап жасайтыныңды неге көрмейсің?!» дейді. 

Ға­лым кі­сі Ха­ти­ми Әсам­ның дін үйре­ну үшін емес, өзі­не са­бақ бе­ру үшін кел­ге­нін сол мезет тү­сі­ніп, үйінен шықпай қы­рық күн тәубе еткен екен.

Құдайберді БАҒАШАР

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 158 рет
JoomShaper
Top