Аллаға разы адам

Сәрсенбі, 08.11.2017
Аллаға разы адам

Рабиға Адауияның қасында тақуа кісілердің бірі Сәури: «Раббым! Бізге разы бола гөр!» деп дұға етті.

Рабиға Адауия бұны естігенде: «Алдымен өзің Аллаға разы болмай тұрып, Алланың өзіңе разы болуын сұраудан ұялсаң етті?!» деді.

Сәури ойланып тұрып: «Астағфыраллаһ!» деді. 

Бұған куә болған Басралық тақуа кісілердің бірі Жағфар ибн Сүлеймен әд-Даби: «Құлдың Аллаға разы екендігін қалай байқаймыз?» деп сұрады.

Сонда рухани тереңдігімен танылған Рабиға Адауия: «Қуанышқа қуанғанындай қайғыға тап келгенінде де қуана білсе, сол кезде құлдың Аллаға разы екендігі танылады» деп жауап қатты.

Қ.Сабыржанұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 151 рет
JoomShaper
Top