Анасымен ас ішпеген сахаба

Дүйсенбі, 06.11.2017
Анасымен ас ішпеген сахаба

Хазіреті Әлидің ұлы Хусейін (Алла ол екеуіне разы болсын) анасымен бір дастарқанда отырмайды екен. Бір күні мұны байқап қалған қырағы достары одан:

– Хусейін, расында, сен арамыздағы ең қайрымды адамсың. Солай  бола тұра анаңмен бір дастарқанда отырмайсың. Мұның сыры неде? – деп сұрайды.

Хусейн оларға ақырын ғана:

– Анашымның көзі бір тағамға түсіп, мұны байқамай анамнан бұрын мен алып, оның көңілін қалдырып қояюдан қорқамын. Сол үшін анаммен бір дастарқан басында отырмаймын, – деп жауап беріпті.

Бұл әңгіме, хазіреті Әлидің ұлы Хусейіннің қаншалықты тақуа болғандығын көрсетеді. Ол да әкесі хазіреті Әли сияқты дана әрі тақуа еді. Хусейн Алланың мейірімінен үміт етіп, кез-келген амалды артығымен орындай білген сахаба. Байқамай анасының көңілін қалдырудан қорқып, осынша сақтықпен қараған сахаба, міне, хазіреті Хусейн. Ол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тікелей өзінен тәрбие көрген тұлға.

Түйін: Тақуалыққа ұмтылу – әр бірімізге міндет.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 2041 рет
JoomShaper
Top