Ұрының арты – қуыс

Дүйсенбі, 19.03.2018
Ұрының арты – қуыс

Әбу Ханифа заманында біреудің тауыс құсы жоғалады. Құс иесі ұрыны таба алмай дал болып Әбу Ханифаға келеді.

Әбу Ханифа мән-жайға қаныққан соң бұл туралы ешкімге айтпауды бұйырады. Сосын ертеңінде таң намазына жұрт мешітке жиналғанда мінберге шығып:

– Әй, тауыс құсын ұрлаған адам, ең құрығанда мешітке келеріңде, басыңа жабысып қалған қауырсынды қақпадың ба? – дейді. Осы кезде көпшілік ішінен бір адам жалма-жан басын сілкілей бастайды. Жұрт тарағаннан кейін имам әлгі адамды жеке шақырып алып құсты иесіне қайтаруын бұйырады.

Құдайберді БАҒАШАР

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 592 рет
JoomShaper
Top