Ұстазды ұялтқан шәкірт

Бейсенбі, 12.10.2017
Ұстазды ұялтқан шәкірт

Күндердің күні қалаға белгілі ұстаз өз шәкірттеріне сабақ үстінде әлем өздігінен жаралды деп түсіндіреді. Сабақ біткеннен соң бір оқушы бала тақта алдына келіп, тақтаға ұстаздың есімін үлкен әріппен жазып қояды. Мұны көрген ұстазы ашуланып:

– Мұны кім істеді? - деп сұрайды.

Алайда, ешбір оқушы жауап бермейді. Ұстаз тағы сұрағын қайталайды. Үшінші рет сұрағанда әлгі суретті салған бала орнынан тұрып былай дейді:

– Ұстаз, өзіңіз елестетіңізші, әлгі жерде бор өзі көтеріліп сурет сала бастады.

Сонда ұстаз ашуланып, айқайлай бастады:

– Бұлай болуы мүмкін бе?

Осы сәтте оқушы:

– Егер сіз әлем өздігінен жаратылғанына сенімді болсаңыз, онда неге бор өздігінен сурет сала алмасқа? - деп ұстазын ойландырып қойған екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 323 рет
JoomShaper
Top