Ғибадат іліммен толысады

Сейсенбі, 10.10.2017
Ғибадат іліммен толысады

Бір күні Әбу Ханифа таң намазынан кейін көптеген мәселелерге пәтуа береді. Көпшіліктің ішінде отырған біреу имамның бұнысын аса жақтырмай:

– Уа, имам, таң мезгілінде одан да Алланы зікір еткеніміз дұрысырақ емес пе еді? – дейді. Сонда имам оған:

– Әр нәрсенің адал, арамын білдіруден артық іс бар ма? Жолға азық алмай шыққан адам қанша жүреді, әйтеуір бір ашықпай ма? Сондықтан, құлшылық үшін де адам ілімін арттырып отыруы керек, – деп түсіндіреді.

Қ.Сабыржанұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 160 рет
JoomShaper
Top