Қарақшы қалай ғалым болды?

Сәрсенбі, 04.10.2017
Қарақшы қалай ғалым болды?

Ертеде Әл-Фузайл ибн Ияз есімді адам қарақшылардың басшысы болған еді. Кейін, дін жолына түсіп оның Аллаға махаббат қойғаны сонша, уақыт өте ол Алла жайында көп білетін танымал әрі ірі ғалымдардың біріне айналды.

Әл-Фузайл ибн Ияз өзі турасында мынадай әңгіме айтады:

«Бір күні мен бір үйге ұрлыққа түстім. Үйдің ішінен біреудің:

«Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап және түскен ақиқатқа жібімей ме? Бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар» – деп Құран оқып отырған дауысын есіттім (Хадид: 16).

Сонда менің аяқтарым сіресіп, тұрған жерде қатып қалғандай болып, жүре алмай қалдым. Мұнан соң мен:

–  Ей, Раббым! Жүрегімнің Сені зікір етіп қорқатын кезі келді. Аллаға ант етемін! Осы күннен кейін саған күнә жасамаймын – деп Аллаға уәде бердім». Расында да, Әл-Фузайл ибн Ияз мұнан соң дін іліміне бас ұрды.

Түйін: Алла Тағала кімді тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Алла Тағала кімді тура жолдан адастырса, оны ешкім тура жолға сала алмайды.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1078 рет
JoomShaper
Top