Амалсыз ілім

Сейсенбі, 03.10.2017
Амалсыз ілім

Бір шәкірті Әбу Ханифадан:

– Бәрін біліп, бірақ білгенімен амал етпегеннің жағдайы не болады? – деп сұрайды.

Имам шәкіртіне «Жұма» сүресінің бесінші аятын оқыды: 

– «Түсірілген Тәуратты оқымағандардың (Тәураттың жолымен жүрмегендер) жағдайы кітап арқалаған есектікіндей». Құранды оқып, бірақ оның әмірін орындамағандарға Тәуратта осындай мысал берілген, – деді де, мынаны айтты, – ілім үйреніп, онымен амал етпеген адам дәрінің түр-түрін жинап алып, дәрігер келгенге дейін ештеңе істей алмаған адамға ұқсайды. Пайдасы жоқ білімнің керегі не?

Құдайберді БАҒАШАР

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 164 рет
JoomShaper
Top