Имам Ағзам ар тазалығына қалай қараған?

Дүйсенбі, 05.02.2018
Имам Ағзам ар тазалығына қалай қараған?

Әбу Ханифа заманында Куфада әлдекімнің бір қойы жоғалады. Осыны естіген имам жеті жыл бойы қой етін ауызға алмайды. Себебін сұрағандарға:

– Ұрланған қойдың етін жеу харам болғандықтан, абайсызда сол еттен жеп қойып жүрмейін дедім. Бір қойдың орташа өмірін есептетуім сондықтан, – деп жауап береді.

Бұл уақытта имам балық та жемеген екен. Өйткені, біреулердің бір қойды сойып, етін алып, ішек-қарынын өзенге ағызып жібергенін көрген деседі.

Құдайберді БАҒАШАР

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 478 рет
JoomShaper
Top