Дүние – қолдың кірі

Сәрсенбі, 10.01.2018
Дүние – қолдың кірі

Имам Ағзам Әбу Ханифа үлкен ғалым болуымен қатар саудамен де айналысатын. Түске дейін шәкірттеріне дәріс беріп, түстен кейін саудасына баратын.

Бір күні шәкірттерімен мәжілісте отырғанда біреу кіріп келіп:

– Уа, имам, кемеңіз суға кетті, – дейді. Имам сауданы көбіне кемемен жасайтын. Келген жаңалыққа селт етпестен «Әлхамдулиллаһ» дейді де қояды. Көп өтпей әлгі адам қайтып келеді.

– Айыпқа бұйырмаңыз. Жаңағы батқан кеме сіздікі емес екен, – дейді. Бұл жолы да имам «Әлхамдулиллаһ» дейді де, дәрісін жалғастыра береді. Жігіт ғалымның бұл қылығына таң болады. Кейін осы жайлы сұрағанда имам:

– Сен «кемең батты» деп хабар әкелгенде, ішімде кішкене болса да дүниеге деген қимастық білінбеді. Сол үшін Аллаға мадақ айттым. Кейін батқан кеменің менікі емес екенін жеткіздің. Мұны естігенде де, жүрегімде титтей де қуаныш білінбеді. Сол үшін тағы да Аллаға мадақ айттым, – деп жауап берген еді.

Құдайберді БАҒАШАР

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 367 рет
JoomShaper
Top