Көрші ақысы

Бейсенбі, 11.01.2018
Көрші ақысы

Имам Ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір көршісі бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, отбасында жанжал шығарып имамның мазасын алатын.

Сол жігіт бірде абақтыға қамалады. Имам мән­жайды білгенде, қаланың әкіміне жолығып, көршісін босатыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, қылығына ұялған жігіт «өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге түрмеден шығарам деп әурелендіңіз?», – деп сұрапты.

Сонда үлкен парасат егесі имам: «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау – мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін», – деп жауап беріпті.

Кейіннен әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі... 

Қ.САБЫРЖАНҰЛЫ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 396 рет
JoomShaper
Top