Әйел адам күйеуіне дауысын көтеріп сөйлесе...

Сейсенбі, 19.09.2017
Әйел адам күйеуіне дауысын көтеріп сөйлесе...

Күндердің күнінде бір сахабаның әйелі күнде отағасына дауыс көтеріп сөйлейді екен. Әйелінің мұндай әрекетінен шаршаған әлгі сахаба Омар ибн Хаттабқа барып шағымданбақ болады. Ертесіне сахаба халифа Омардың үйіне барып есігін қаға бергенде үйдің ішінен дауысын көтеріп жатқан Омардың әйелін естиді де:

- Омардың әйелі өзіне қарсы дауыс көтеріп сөйлейтін болса, онда мен кімге шағымдалғалы жатырмын? – деп күрсініп теріс айналып кетіп бара жатқанда артынан есік ашылады. Есіктің арғы жағында халифа Омар:

- Ей, бауырым, сен маған келдің бе? Не мәселең бар? – деп сахабадан сұрайды. Сонда сахаба келген жайын түсіндіреді. Мәселені тыңдап болғасын Омар оған:

- Мені тыңда, әйел адам күнде бізге тамақ береді, балдарымызға қарайды, үй жинайды, киімдерді жуады, бір сөзбен айтқанда үйдің барлық шаруасына жауап береді. Осындай жұмыстар әйел адамға Құранда арнайы бұрық болып келмесе де әйелдер соны өз міндеттеріне алып отыр. Осылайша әйел адамдар біздің барлық жағдайымызды жасап отырған екен, ендеше біз олардың бір дауыс көтергеніне шағымданғанымыз қалай? – деп сахабаның көңілін жұбатын шығарып салған екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ - дінтанушы     

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1703 рет
JoomShaper
Top