Ата-ана жаман болса ше?

Дүйсенбі, 18.09.2017
Ата-ана жаман болса ше?

Сағад ибн Масғұт Ибн Аббаспен болған мына әңгімесін риуаят қылады: «Мен Ибн Аббасқа:

– Менің әскерге барғым келеді. Ал, ата-анам дәлірек айтсам, әкем мұны құптамайды. Не істейін? – деп сұрадым. Сонда Ибн Аббас:

 

– Ата-анасы бар адам оларға күндіз-түні жақсылық жасасын,– деді.

Мен:

– Олардың екеуіне де ме? –деп сұрағымды нақтыладым.

Ибн Аббас:

– Иә, олардың екеуіне де – деп, кейін:

«Әлбетте, Алла ата-анасына жақсылық жасағанға жәннаттың есіктерін ашып қояды. Кім жақсылық жасап күн өткізсе, Алла әлбетте оған күні бойы жәннаттың екі есігін ашады. Ал егер, түнде жақсылық жасаса, оған түні бойы жәннаттың екі есігі ашық тұрады. Егер ата-анасының бірі ғана болса, оған күндіз жақсылық жасаса, күні бойы жәннаттың бір есігі ашық болады. Ал, түнде бір жақсылық жасап сосын жатса, оған түні бойы жәннаттың бір есігі ашық тұрады. Ата-ананың бірі ашуланса, ол разы болмайынша, Алла Тағала разы болмайды, – деп түсіндірді.

Мұны естіген мен:

– Ал егер ата-анасы залым болса ше? – деп сұрадым.

Ол маған:

– Залым болса да, – деп жауап берді».

Түйін: «Ата-анаң жынды болса байлап бақ» – деген қазақтың дана сөзі  бізге осыны аңғартса керек. Ата-анаға қарайласу міндеті біздің мойыннан ешбір жағдайда түспек емес.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 609 рет
JoomShaper
Top