Қырық күн

Дүйсенбі, 16.04.2018
Қырық күн

Яһудилер әу баста Мұса пайғамбарға (а.с.) түскен Тәуратты ұстанған. Бірақ бертін келе ол кітапты көп бұрмалады. Құдай сөзін өзгертіп жіберді.

Ақырғы елші Мұхаммед (с.а.с.)  келгенде, оны да мойындамады. Өйткені ақырғы пайғамбардың өздерінен шықпағандығына наразылық танытты. 

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға келгенде, олар «Біз Тәураттың қисынына саламыз. Яғни сиырға табынғанымыз қырық-ақ күн. Сондықтан тозақта қырық күн азап шексек болды, сонымен біздің жазамыз бітеді» дейтін. 

Хақ тағала оларға жауап ретінде мына аяттарды түсірді:

«Бірде олар: «Белгіленген күннен басқа күндерде бізге азап келмейді» деді. Сен айт: «Алладан уәде алып па едіңдер? Егер алсаңдар, Алла уәдесінде тұрады. Жоқ әлде Алла жайлы анық  білмейтін нәрселерді сөз етудесіңдер ме?»(Бақара, 80)

Құдайберді БАҒАШАР 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 558 рет
JoomShaper
Top