Кілем ұрлаған ұры

Сейсенбі, 12.09.2017
Кілем ұрлаған ұры

Бірде Мәулана Жалаладдин Румидың үйіне қайыршы бас сұғады. Мәулананың намаз оқып тұрғанын көрген қайыршы дереу бір кілемшені ұрлап шығып кетеді.

Мұны байқап қалған көршісі ол ұрыны базарда әлгі кілемшені сатып жібермек болып тұрған жерінен ұстап алып, ұрып-соғып Мәуланаға алып келеді. Сонда әлгі ұрының таяқ жеген кейпіне жаны ашыған Мәулана: «Алса, бәлкім, керек болғаннан кейін алған шығар, соған бола бұл байғұсты ұрмай-ақ, қолынан сатып-ақ ала салсаң болмас па еді», – деп аяушылық танытқан екен.

Қ.Сабыржанұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 287 рет
JoomShaper
Top