Періштелер кімге асығады?

Дүйсенбі, 04.09.2017
Періштелер кімге асығады?

Періштелердің қандай адамға асығатыны турасында Әбу Һурайра мен Әбу Сағид әл-Худурий (Алла ол екеуіне разы болсын) мынадай хабарды жеткізеді:

– Біз Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Алланы зікір қылған қауымға періштелер асығады, олардың үстіне мейірім жауады әрі олар амандықта болады. Сондай-ақ, Алла оларды Өзінің қасындағылармен бірге есіне алады» деп айтқанына куә болдық.

                                                            (Мүслим, Термези және Ибн Мажаһ).

 

Түйін: Жаратушыны молшылықта, таршылықта да естен шығармау.

 Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1453 рет
JoomShaper
Top