Кедейді жақсы көру

Бейсенбі, 15.03.2018
Кедейді жақсы көру

Бірде кедей кісілердің бірі ғалым, әрі тақуа Суфиян әс-Сәуридің қасына барып, сұқбатына қатысқысы келетінін білдірді. Cуфиян оған: «Кел, төрлет, егер бай болғаныңда сені қасыма алмас едім» деді.

Кедейлерді жақсы көріп, байларға жақын жүруді аса ұнатпайтындықтан, Суфиянның кейбір бай достары «Қап, кедей болғанымызда ғой» дейді екен.

Муәммил (р.а.): «Сәуридің ғылым мәжілістерінде ең көп құрмет көретіндер кедейлер, аса көңіл бөлінбейтіндердің байлар екенін көрдім» деген. 

Қ.Сабыржанұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 576 рет
JoomShaper
Top