Білім артық па, байлық артық па?

Бейсенбі, 10.08.2017
Білім артық па, байлық артық па?

Бірде үзеңгілестерінің бірі хазіреті Әлиден (р.а.)  білім мен байлықтың артықшылығы жайында сұрайды. Сонда Әли былай депті:

– Білім – жиған байлықтан артық! Білім сені қорғайды,  ал байлықты сен қорғайсың.

Байлық жұмсаған сайын азаяды, ал білім басқаға таратқан сайын артады.

Сондай-ақ, байлыққа байланған пенде малы жоғалса, өзі де жоқ болады.

Білімді тану – сенім, адам оған иман келтіреді. Пенде білімге амал етіп ғұмырын өткізеді. Адам өлгеннен кейін де білімі арқасында өмір сүреді.

Білім – басқаратын басшы, байлық – жұмсалатын мүлік.

 

Түйін: Білім – сарқылмас қазына.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 

 

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 523 рет
JoomShaper
Top