Адамдық қасиет

Сейсенбі, 08.08.2017
Адамдық қасиет

Иса пайғамбар (а.с.) бірде:

– Сендер ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңдер? – дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз, әрине», –  деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.): «Меніңше, қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар», – дейді. «Ол не дегеніңіз?», – дегенде, Иса пайғамбар (а.с.) өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді:

«Біреудің айыбын жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу – ашылмаған жақтарын да қоса ашып тастағанмен тең. Бұл үлкен тәрбиесіздік», – деген еді.

Қ.Сабыржанұлы 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 314 рет
JoomShaper
Top