Періштелер қажыларды қалай қарсы алады?

Дүйсенбі, 07.08.2017
Періштелер қажыларды қалай қарсы алады?

Хасан әл-Басридің (Алла оны рахым етсін) қажылық рәсімі және қажылық сапарының маңызы жайында былай деп айтқан екен:

«Расында, періштелер қажыларды қарсы алады. Олар қажылық жасау үшін түйеге мініп келген жолаушыларға сәлем береді. Қашыр мен есекке мініп келгендерге қол созып амандасады, ал жаяу келгендерді құшақ жайып күтіп алады». 

Түсініктеме: Хасан әл-Басри – (642 Медина, 728 Басра) өз заманының ірі тұлғасы, хадис білгірі. Омар ибн Абдулғазиз халифаның тұсында Басраның кадиы (соты) болған. Омеяд билігі кезіндегі беделді ғалым, тақуа. 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 980 рет

Қажылық анықтамалығы

JoomShaper
Top