Әлем жаратылмай тұрып жазылған екі аят

Сенбі, 05.08.2017
Әлем жаратылмай тұрып жазылған екі аят

Нұғман ибн Башир Алла елшісі с.ғ.с. пайғамбардан жеткізеді:

«Расында Алла Тағала жер мен көкті жаратпай тұрып мың жыл бұрын екі аят жазған және де осы аяттармен «Бақара» сүресін тамамдаған. Егер бұл аяттар кез келген үйде оқылып тұратын болса онда ол үйге шайтан жоламайды» [ Тимизи риуаятынан].

Сонымен қатар, Алла елшісі с.ғ.с. Әбу Хурайрадан келген тағы бір хадисінде былай деген: «Шын мәнінде шайтан «Бақара» сүресі оқылған үйден қашады. Сондықтан үйлеріңді шайтан қабіріне айналдырмаңдар», деген. 

 

Жалғас АСХАТҰЛЫ - дінтанушы

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 2081 рет

Қажылық анықтамалығы

JoomShaper
Top