Жүрек жылытатын амал жасағың келеді ме?

Сенбі, 05.08.2017
Жүрек жылытатын амал жасағың келеді ме?

Бір күні шәкірт пен ұстаз саябақта қыдырып серуендеп жүреді. Олар көгалдан жүріп келе бір жұмыс жасап жатқан кедей кісіні көреді. Оның жанында ескі аяқ киім мен мыжылған күртешені болады. Шәкірт әзілдемек мақсатында кедейдің заттарын тығып қойып, алыстан бақылайық деп ұстазына ұсыныс айтады. Алайда, ұстазы шәкіртіне былай деп басқа ұсыныс айтады:

- Саған қызық болатын әрі жүрегіңе жылу сыйлайтын бір амалды ба?. Оданда сен кедейдің аяқ киіміне бір бірден алтын таста, сен бай жігітсің түгін кетпес. Сөйтіп алыстан кедейдің әрекетің бақылайық..... Осыдан қара көргеніңнен үлкен ләззат аласын, дейді. Шәкірт келіседі де ұстазының айтқанындай жасады, әр аяқ киімге бір-бір алтыннан салып ұстазыммен бірге тасалау жерге тығылып қалады.

Кедей өз жұмысын аяқтап, киімдеріне қарай бет алады. Алдымен күртешені сосын аяқ киімін киеді. Аяғына бір нәрсе кедергі жасағандай болады. Кейін аяқ киімін шешіп көрсе алтын бар екен. Екінші аяқ киімің шешеді ол жерден де алтын табады. Жан жағына қараса ешкім жоқ. Кедей байғұстың қуанышында шек болмайды. Қуанғаны сонша жерге отыра қалып әйелінің қатты науқастанып жатқан шағында осындай қиын-қыстау кезде көмегін берген Алла Тағалаға алғысын жаудыруда. Сол сәтте жүрегі жылып көзінен жасы тамшылаған шәкіртін көрген ұстазы жымиып:

- Рахат сезімге бөлендің бе?,  деп сұрайды. Шәкірті:

- Бұл маған берген ең керемет сабағыңыз болды,  деген екен.

 

Жалғас АСХАТҰЛЫ - дінтанушы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 464 рет
JoomShaper
Top