Ер мен әйелдің дәрежесі неге тең емес?

Жұма, 06.04.2018
Ер мен әйелдің дәрежесі неге тең емес?

Бір күні тікелей эфирде сұрақтарға жауап беріп отырған бір білімді ғалымға әйел адам телефон шалып, мынадай сұрақ қояды:

– Құрметті ғалым, осы Ислам діні ер мен әйелдің дәрежесін неге бірдей етпеген? Айтайын дегенім, неге әйелдерді өз ерлеріне тәуелді етіп, не айтса да қарсылықсыз көндіріп, біздерге олардың жағдайын жасатып қойған? Бұл әділдік пе?

Ғалым сәл кірідіп, әлгі әйелге сұрақ қойыпты:

– Сіздің қанша ұл балаңыз бар?

Әйел:

– Үш ұлым бар.

Сонда ғалым былай депті:

– Алла Тағаланың даналығы сонша, сізге үш ұл беріпті. Біліңіз, осы үш ұлыңыз сізге қызмет етушілер әрі жағдайыңызды жасаушылар. Сол ұлдарыңыз сіздің көңіліңізді таппай, сіздің бар жағдайыңызды жасамай әрі сізге қамқорлық көрсетпей олар жәннәтқа кіре алмайды. Алла Тағала сондай әділ сізге осындай үш қызметкер берген. Ал, сіз жалғыз бір еріңізге қызмет жасауға қиналып жүрсіз. Енді бұл жерде кім әділ? – деген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1461 рет
JoomShaper
Top