Бес адаммен еш уақытта дос болма

Сейсенбі, 16.05.2017
Бес адаммен еш уақытта дос болма

 

 

 

Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді: Әкем маған «Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма,-деді.

Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім?,-дедім. Әкем: Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді,-деді. Мен: әке! Одан да төмені не?,-дегенімде: Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе,-деді. Әке! Екінші адам кім? Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді. Әке! Үшіншісі кім?,-дедім. Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді,-деді. Әке, төртіншісі кім?,-дедім. Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді,-деді. Әке, бесіншісі кім?,-дегенімді: Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім»,-деп өсиет еткен екен.
р.с.Дос (араб тілінде "садық") шыншыл деген сөзден туындайды. Демек, дос әр жағдайда сізбен шыншыл қарым-қатынастағы бауырыңыз

 

Руслан ҚАМБАРОВ

 

 

 

Оқылды 7197 рет
JoomShaper
Top